Бұл зақымданудың салдарынан гидравликалық сұйықтық/қысым жоғалады.
Фото: ҚР Көлік министрлігі
ERNUR.KZ. Ақтау маңындағы ұшақ апаты бойынша алдын ала тергеу есебінде ұшақтың жерге құлағанша 1, 2 және 3 гидравликалық жүйелері зақымданғанын айғақтайтын фотосуреттер мен графиктер көрсетілген, деп жазады inform.kz.
Құжатта атап өтілгендей, олар әуе кемесінің компоненттеріне енген сыртқы нысандардан туындауы мүмкін.
Бұл зақымданудың салдарынан гидравликалық сұйықтық/қысым жоғалады.
Айта кетейік, ҚР Көлік министрлігі Ақтау маңындағы ұшақ апатының алдын ала есебін жариялады.
Бұған дейін ұшақ апатының минуттар бойынша хронологиясын жариялаған едік.
Айта кетейік, 25 желтоқсанда Ақтау маңында Бакуден Грозныйға бағыт алған AZAL жолаушылар ұшағы апатқа ұшыраған болатын.
Бортта 67 адам, оның ішінде бес экипаж мүшесі болған. Апат салдарынан 38 жолаушы қаза тауып, 29 адам аман қалған еді.
Ұшақ апатына байланысты Ресейде, Қазақстанда және Әзербайжанда қылмыстық іс қозғалған еді.
Бұған дейін Бразилия Әскери-әуе күштерінің Әуе апаттарын зерттеу орталығының (Cenipa) мамандары AZAL әуе компаниясының апатқа ұшыраған Embraer 190 ұшағының қара жәшігін талдауға кіріскенін хабарлаған болатын.
Қазақстан Республикасы Көлік вице-министрі Талғат Ластаев әуе апатын тергеудің алдын ала қорытындысы қашан белгілі болатынын айтты.
30 желтоқсанда Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы (IATA) оқиғаны жан-жақты және бейтарап тергеуге шақырды.
Жақында Көлік министрлігі Ақтау маңындағы ұшақ апатына қатысты мәлімдеме жасаған еді.