«Азаматтарға арналған үкімет» жүргізуші куәлігіне қатысты қазақстандықтарға ескерту жасады

0
583

Желіде алаяқтардың жүргізуші куәлігін ақшаға ұсынатын жазбалары жиілеп кетті.


«Азаматтарға арналған үкімет» жүргізуші куәлігіне қатысты қазақстандықтарға ескерту жасады

ERNUR.KZ. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы бүгінгі таңда әлеуметтік желілерде қазақстандықтарға жүргізуші куәлігін ақшаға сатып алуды ұсынатын 30-ға жуық жазбалар мен хабарламаларды анықтады, деп жазады Azattyq Ruhy.

Ведомство атап өтекндей, алаяқтар қарапайым схема бойынша әрекет етеді – клиент оларға қоңырау шалған кезде, олар дайын жүргізуші куәлігі үшін 50-60 мың теңге көлемінде ақша сұрайды және құжатты бір ай ішінде беруге уәде береді. Ақшаны алғаннан кейін олар жасырынып, телефондарын өшіріп тастайды.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметкерлері осындай хабарламаларды тұрақты негізде қадағалап отырады және анықталған қажетті ақпараттарды құқық қорғау органдарына жолдайды.

«Осы жылдың сәуір айында ҚР ІІМ-ге жүргізуші куәлігін алуға заңсыз түрде көмектесуге үндеген 12 факті бойынша ақпарат берілді. Жүргізуші куәлігін тек тиісті емтихандардан өту арқылы мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан алуға болады. Сондай-ақ жүргізуші куәлігі үшін 1,25 АЕК (3975 теңге) мөлшерінде мемлекеттік баж салығын төлеу қажет», - делінген ақпаратта.

Емтихандар келесі ретпен тапсырылады: алдымен теориялық, содан кейін практикалық.

Айта кетерлігі, теориялық емтиханда 40 минут ішінде 40 сұраққа жауап беру керек. Емтиханнан өту үшін 32 сұраққа дұрыс жауап беру керек. Бұдан кейін-автодромдағы практикалық емтихан. 20 минут ішінде жүргізуші куәлігін алушы үміткер автокөлікпен жүру арқылы 12 сынақтан өтуі керек. Егер екі емтихан да сәтті өтсе, оған жүргізуші куәлігі беріледі.