Мәжілісте жұмыс барысында жобаны жақсартатын бірқатар толықтыру енгізілді.
ERNUR.KZ. Мәжіліс «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады, деп жазады baq.kz.
Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляеваның сөзінше, заң жобасы Мәжіліс депутаттарының бастамасымен әзірленген. Заң жобасы биыл 27 қыркүйекте бірінші оқылымда мақұлданды. Мәжілісте жұмыс барысында жобаны жақсартатын бірқатар толықтыру енгізілді.
Дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылау жүргізу тәртібі енгізілді. Бұл ретте Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті бақылаушы орган. Азаматтарға банктік қарыздар мен микрокредиттер алудан ерікті түрде бас тартуды белгілеу құқығын беру. Тыйым салуды «электрондық үкіметтің» жеке кабинетінде белгілеуге болады. Ерікті бас тарту туралы ақпарат қарыздарды мақұлдау кезінде ескеріледі. Бұл үшінші тұлғалардың банктен қарыздар мен микрокредиттер алуын болдырмауға мүмкіндік береді, - деді депутат.
Смышляева дербес деректерді қамтитын базалардың меншік иелері мен операторларының бір жұмыс күні ішінде уәкілетті органға дербес деректер қауіпсіздігінің бұзылғаны туралы хабарлау міндеті енгізілетінін атап өтті.
Азаматтар өздерінің дербес деректерімен жасалған барлық операциялар туралы жеке кабинеттегі хабарламалар немесе смс арқылы біледі. Сонымен қатар депутаттар заң жобасының жекелеген нормаларын нақтылайтын және мазмұнын жақсартатын түзетулерді енгізді. Заң жобасы бойынша 97 түзету келіп түсті. Олар жұмыс тобының және комитеттің кеңейтілген отырыстарында қаралды. Қорытынды салыстырмалы кесте қабылданған 46 позициядан тұрады, - деп түсіндірді мәжілісмен отырыста.