​Қазақстанда көкөніс арзандады

0
4 767

Биылғы көкөніс маусымында қияр бағасы бір ай ішінде 27%, қызанақ 17% төмендеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


​Қазақстанда көкөніс арзандады

фото golos.io

Биылғы көкөніс маусымында қияр бағасы бір ай ішінде 27%, қызанақ 17% төмендеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.Вaq.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Еnergyprom.kz сайтының мәліметтеріне сүйенсек, мамыр айында жұмыртқа мен құс фабрикасының басқа да өнімдерінің бағасы арзандаған.

Маусымдық көкөністердің ішінде сарымсақ бағасы 4,9%, қырыққабат 2,9% төмендеді.

Мұнымен қоса, қымбаттаған көкөністер де бар. Сәуір айымен салыстырғанда, қызылша бағасы 8,3%, картоп 3,3%, жуа 2,3% және сәбіз 2,2% өсті. Бұл – осы жылдағы өнімнің бағасы.

Жемістердің ішінде банан 7,8% және апельсиндер 3,8% арзандаса, алма бағасы 2,8% қымбаттады.

Тауықтың жұмыртқасы 3,8%, тауық еті 1%-ға арзандады.

Сүт бағасы 1,4% төмендегенімен, сүт өнімдері: ірімшік пен сүзбе бағасы 1,4% жоғарылады.

Ет өнімдерінің ішінде жылқы, қой және сиыр еті 1% қымбаттады.

Жармалардың арасында қарақұмық 2,5% арзандады, ал басқа жарма түрлерінің бағасы өзгеріссіз қалды.

Бұдан басқа, 2018 жылдың сәуір айымен салыстырғанда мамырда қант бағасы 2,8% қымбаттады. Дегенмен 2017 жылдың мамыр айымен салыстырғанда қант бағасының жылдық динамикасы 11,4% төмен.