Баға өспейді: Жұмыртқа өндірушілер қауымдастығымен келісім жасалды

0
254

Құжатта баға саясатына қатысты шаралар қарастырылған.


Баға өспейді: Жұмыртқа өндірушілер қауымдастығымен келісім жасалды
Фото: Pexels

ERNUR.KZ. Елімізде әлеуметтік жұмыртқа бағасы тұрақты болады. Жұмыртқа өндірушілер қауымдастығы мен ҚР Сауда және интеграция министрлігінің арасында тиісті меморандумға қол қойылды, деп жазады inform.kz.

Құжатта баға саясатына қатысты шаралар қарастырылған. Атап айтқанда С1 санатындағы жұмыртқаларды 30 данасы салынған қораппен құс фабрикасы қоймасынан әр данасын 51,5 теңгемен шығару туралы келісім бар. Сондай-ақ, бұл жұмыртқаларға үстеме құн өндірушіден шыққан бағадан 15%-дан аспауға тиіс.

Қауымдастық, сонымен қатар, азық-түліктің, соның ішінде жұмыртқаның қолжетімділігін қамтамасыз ету бағытында жасалған мониторинг қорытындысы бойынша мәліметтермен бөлісті.

Бұл деректерге сай, Астана, Қостанай, Алматы қалаларында С1 санатындағы жұмыртқалардың бағасы 535 теңгеден аспайды.

Меморандум — бағаны тұрақтандыруға бағытталған бастамаларды жүзеге асырудағы нақты амалдардың бірі.