Байқоңырдан биылғы жылғы алғашқы ұшырылым жасалады

0
467

«Электро-Л» сериялы ресейлік ғарыш аппараттары ауа райының болжамдарын зерттеуге, авиацияларды ұшыру жағдайына анализ жасауға, сондай-ақ теңіздер мен мұхиттар акваторияларын, төтенше жағдайлар ахуалын мониторингілеуге арналған.


Байқоңырдан биылғы жылғы алғашқы ұшырылым жасалады

ERNUR.KZ. 5 ақпанда Байқоңыр ғарыш айлағынан осы жылдағы алғашқы ұшырылым жасалады, деп жазады ҚазАқпарат.

ДМ-03 үдеткіш блогы және «Электро-Л» спутнигі бар «Протон-М» зымыран тасығышы 5 ақпан күні Астана уақытымен сағат 15.12-де ұшырылады.

Бүгін, 2 ақпанда «Электро-Л» спутнигі бар «Протон-М» зымыран тасығышы монтаждау-сынақ корпусынан шығарылды және теміржол рельстері арқылы ғарыш айлағының 81-ші алаңының ұшыру кешеніне жеткізілді.
Күні бойы зымыранды вертикалды күйге келтіру жүргізіледі. Содан кейін Роскосмос кәсіпорындарының мамандары техникалық жабдықты тексеруге және тестілеуге кіріседі.

«Электро-Л» сериялы ресейлік ғарыш аппараттары ауа райының болжамдарын зерттеуге, авиацияларды ұшыру жағдайына анализ жасауға, сондай-ақ теңіздер мен мұхиттар акваторияларын, төтенше жағдайлар ахуалын мониторингілеуге арналған.

Роскосмос баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір жер орбитасында 2011 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан «Электро» ғарыш жүйесінің тобында екі спутник — №2 «Электро-Л» және №3 «Электро-Л» пайдаланылып жатыр.