Кадрлардан бір әскери адамның екіншісіне шабуыл жасап, балағат сөздер айтып, бетінен бірнеше рет ұрғанын көруге болады.
Фото: Видеодан скрин
ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде Шығыс Қазақстанда әскери қызметкерлердің төбелесіп жатқаны түсірілген видео тарады, деп жазады stan.kz.
Кадрлардан бір әскери адамның екіншісіне шабуыл жасап, балағат сөздер айтып, бетінен бірнеше рет ұрғанын көруге болады. Ал видеоны тағы бір әскери қызметкер түсіріп тұр. Бір уақытта ол күледі.
Ұлттық ұлан "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы видеодағы 5518 әскери бөлімінің мерзімді әскери қызметкерлері екенін айтады. Видео 2023 жылдың күзінде түсірілген екен.
"Бұл факті бойынша 2024 жылы қызметтік тергеу жүргізілді. Кінәлілер қатаң, әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тартылды", – делінген хабарламада.
Ұлттық ұлан "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы БАҚ өкілдері мен әлеуметтік желі қолданушыларын ресми және расталған ақпаратқа сенуге шақырды.
Айта кетейік, бұған дейін Қостанай облысында әскерилер студенттерді емтихан тапсырып жатқанда кіріп келіп,алып кеткені туралы жазған едік.