Барлық бастауыш сынып оқушысын тегін тамақпен қамтамасыз етеміз – Тоқаев

0
575

Мемлекет басшысы мұқтаж азаматтар үшін коммуналдық қызметтерге жұмсалатын қаржысының кем дегенде 30 пайызын өтеу механизмін енгізуге уәде берді.


Барлық бастауыш сынып оқушысын тегін тамақпен қамтамасыз етеміз – Тоқаев

ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы жұма күні Халықтық коалиция форумына қатысты. Алдағы президент сайлауында Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдау мақсатында ашылған телеграм канал оның сөйлеген сөзінен үзінділер жариялады, деп жазады sputnik.kz.

Тоқаев цифрлық экономиканы одан әрі дамытуға және креативті индустрияны қалыптастыруға ерекше назар аударылатынын атап өтті.
"Шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылғандар санының 4,7 миллион адамға дейін өсуін қамтамасыз етеміз. Біз жұмыссыздықтан сақтандыру жүйесін енгіземіз, ал жұмысынан айрылғандар үшін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін табыстың 45 пайызына дейін ұлғайтамыз", - деді ол.
Мемлекет басшысы мұқтаж азаматтар үшін коммуналдық қызметтерге жұмсалатын қаржысының кем дегенде 30 пайызын өтеу механизмін енгізуге уәде берді.
"Мемлекеттік қолдау шараларына ие болатын кезде бизнестің қарама-қарсы міндеттемелерін белгілеу арқылы қызметкерлердің жалақысын көтеру мәселесін ынталандырамыз. Инфляция деңгейіне байланысты ең төменгі жалақыны арттыру тетігін енгіземіз", - деп атап өтті Тоқаев.
"Әлеуметтік жағдайы нашар отбасылардың балаларын балабақшаларда тегін тамақпен, ал барлық бастауыш сынып оқушысын тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етеміз. Ниет білдірген әрбір баланың спорт секцияларына немесе шығармашылық үйірмелерге тегін қатысуына мүмкіндік беріледі", - деп толықтырды ол.
Оның айтуынша, колледж студенттерінің стипендиясын өсіру керек. Өзге қалалардан келіп оқитын барлық студент құрылыс және жалдамалы тұрғын үйді субсидиялау есебінен баспанамен қамтамасыз етіледі.
Барлық халықты профилактикалық, оның ішінде онкологиялық және жұқпалы емес аурулар бойынша тексеруден өткізу бадарламасы кеңейтіледі.
"Ауылдар мен аудан орталықтарында медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін 700 нысан саламыз. Қосымша төрт миллионан астам ауыл халқын арнаулы медициналық көмекпен қамтамасыз етеміз", - деп түйіндеді мемлекет басшысы.