"Барселона" сапында дубль жасаған Левандовски тарихқа кірді

0
626

34 жастағы форвард спорттық карьерасындағы 600 голын соқты.


ERNUR.KZ. "Барселона" шабуылшысы Роберт Левандовски Испания чемпионатының 10 турында "Вильярреал" қақпасына 2 гол салып тарихқа кірді, деп жазады vesti.kz.

34 жастағы форвард спорттық карьерасындағы 600 голын соқты. 21 ғасырда аталмыш жетістікке Криштиану Роналду мен Лионель Месси ғана жеткен.

Польша құрамасының шабуылшысы "Барселонаға" дейін "Дельта", "Знич", "Лех"," Боруссия" және "Бавария" клубтарының намысын қорғады.

Биылғы маусымда поляк ойыншысы Ла Лигада өткізген 10 матчта 11 гол салды.