Батырын ұлықтаған ел

0
934


Батырын ұлықтаған ел

ERNUR.KZ. 102 жастағы Ұлы Отан соғысының ардагері Әбіғали Қаймолдин Семей қаласында тұрады, деп жазады 24.kz.


Халық қаһарманы атанған батыр, сұрапыл соғысты жиі еске алады. Ғасыр жасаған ақсақал, бүгінде үлкен әулеттің биік шыңына айналып отыр. Әбдіғали Қаймолдин 1941 жылы мектеп оқушысы бола тұра, майданға аттанған. Бұл жылдары, әсіресе, Сталинград түбіндегі шайқас – соғыстың бетбұрыс кезеңі болғаны тарихтан мәлім. Сол шақтағы Әбдіғали батыр, кеудесін оққа тосып ауыр жарақат алса да, жеңіс туының желбіреуіне атсалысты. Ерлігі мен батылдығы үшін ол, қан майданнан бірнеше орден, медальмен оралған.


“ Халқыңды сүй, халқыңды сүйсең халық сені сүйеді. Бауыржан Момышұлы қандай болды. Сол сияқты адал, Отаныңа адал бол. Отан деген сөз "әке" деген сөз. Қазір Әбдіғали Қаймолдин үлкен шаңырақтрың асқар тауы. Оның 9 немере, 4 шөбересі бар. Ерлік пен өрліктің, батылдық пен батырлықтың эталонына айналған атаның жолы – бүгінде көпке үлгі.” - Халық қаһарманы, Әбдіғали Қаймолдин.