Батыс Қазақстанда 5-сынып оқушысы асулы күйінде табылды

0
848

Оқушы көпбалалы және толық емес отбасында тәрбиеленген.


Батыс Қазақстанда 5-сынып оқушысы асулы күйінде табылды

ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысында оқушы бала қаза болды, деп жазады ҚазАқпарат.

БҚО Білім басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға 20 мамыр күні Теректі ауданы Сәрсенов ауылында болды.

Шамамен сағат 21.00-де Шөптікөл негізгі орта мектебінің 5-сынып оқушысы өз үйінің шатырынан асулы күйінде табылды.

Анықталғандай, ол көпбалалы және толық емес отбасында тәрбиеленген.

БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен ақпаратқа қарағанда, аталған дерек бойынша Теректі ауданының полиция бөлімі тергеу жүргізуде.

Оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде. Өлімнің себебін анықтау үшін мүрде сот-медициналық сараптамаға жіберілді.