Қаңтар ҰБТ-сында математика-физика тапсырсаңыз, наурыз ҰБТ-сында биология-химия, негізгі ҰБТ-да қазақ тілі-қазақ әдебиеті, тамыз ҰБТ-сында дүниежүзі тарихы-құқық таңдай аласыз.
Фото: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі
ERNUR.KZ. Қаңтар, наурыз, негізгі және тамыз айларындағы ҰБТ-да әптүрлі бейіндік пәндер комбинациясын таңдауға болады, деп жазады inform.kz.
Қаңтар ҰБТ-сында математика-физика тапсырсаңыз, наурыз ҰБТ-сында биология-химия, негізгі ҰБТ-да қазақ тілі-қазақ әдебиеті, тамыз ҰБТ-сында дүниежүзі тарихы-құқық таңдай аласыз.
— Негізгі ҰБТ-ны тапсыруға берілген екі мүмкіндікте тек бір бейіндік пәндер комбинациясын таңдай аласыздар. Егер негізгі ҰБТ-да география-шет тілін таңдасаңыз, екі мүмкіндікте де осы комбинацияны тапсырасыз, — делінген Ұлттық тест орталының хабарламасында.


