Бекболат Тілеухан Ұлттық спорт қауымдастығынан кетті

0
694

Қауымдастықтың соңғы үш жарым жылдағы жұмысы жайлы есеп беріліп, жаңа Жарғысы қабылданды.


Бекболат Тілеухан Ұлттық спорт қауымдастығынан кетті

ERNUR.KZ. Бүгін Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевтың қатысуымен Ұлттық спорт қауымдастығы құрылтайшыларының жалпы жиналысы өтті, деп жазады baq.kz.

"Қауымдастықтың соңғы үш жарым жылдағы жұмысы жайлы есеп беріліп, жаңа Жарғысы қабылданды. Дауыс беру нәтижесінде қабылданған тағы бір шешім – Ұлттық спорт қауымдастығы президентін қайта сайлау. Қауымдастық президенті қызметіне мені жылжытып, сенім артқандары үшін құрылтайшыларға ризашылық білдіремін. Бұл – қоғамдық негіздегі, артар жүгі мол, жауапкершілігі зор жұмыс. Қауымдастық Президентінің екі орынбасары болып сайланған әріптестерім Бақдәулет Сәбитов пен Рауан Кенжеханұлын құттықтаймын!", - деді «Алтын Қыран» корпоративтік қайырымдылық қорының құрылтайшысы және президенті Исламбек Сәлжанов.

Оның айтуынша, ұлттық спорт – халықтың рухын көтеріп, баршаға ортақ құндылықтарды қалыптастыратын, отаншыл және мемлекетшіл сана-сезімді күшейтуге ықпал ететін маңызды сала.

"Оның статусы – мемлекеттің абыройы. Біз ұлттық спортты дамытуға көңіл бөлу арқылы елдік рух пен бірлікті күшейтеміз. Мемлекеттің халықаралық беделін көтереміз. Алдағы уақытта ұлттық спорттың стандарттарын бекітіп, жаңа форматтарды енгізуді жоспарлап отырмыз. Ұлттық ат спортын модернизациялау мақсатында «Ұлы Дала Жорығы» марафон-бәйгесіне жан-жақты қолдау көрсетеміз. Болашақта ұлттық спорт жарыстарына тікелей трансляция жасауды жолға қою қажет. Одан бөлек, спорттық инфрақұрылымдар салу, отандық тренерлер мен судьяларды дайындау, балалар спортын дамыту сияқты көптеген мәселелер бар. Ұлттық спортты көтеру арқылы елдің бірлігін арттыруға, мемлекетімізді күшейтуге үлес қосамыз. Бұл салада тұшымды ой, келелі ұсыныстарыңыз болса, айта отырыңыздар", - деп атап өтті ол.