ERNUR.KZ. 17 мамыр күні Қазақстанның 9 қаласында метеорологиялық жағдай атмосферада ластаушы заттардың шоғырлануына ықпал етеді,
ERNUR.KZ. 17 мамыр күні Қазақстанның 9 қаласында метеорологиялық жағдай атмосферада ластаушы заттардың шоғырлануына ықпал етеді, деп жазады Baq.kz ақпарат агенттігі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, жайсыз метеорологиялық жағдайлар Ақтау, Жаңаөзен, Астана, Қарағанды, Балқаш, Теміртау, Талдықорған, Ақсай, Орал қалаларында қалыптасуы мүмкін.
ҚМЖ – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқамерзімді метеорологиялық факторлардың (тымық, жеңіл жел, тұман, инверсия) үйлесімі.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.