Биіктен секіріп мерт болған студент қызға қатысты университет әкімшілігі жауап берді

0
151

Қайғылы оқиға түскі сағат үш шамасында болған.


Биіктен секіріп мерт болған студент қызға қатысты университет әкімшілігі жауап берді

ERNUR.KZ. Студент қыз ҚазҰУ бас ғимаратының 14-ші қабатынан секіріп мерт болды. Қайғылы оқиға туралы университет әкімшілігі жауап берді, деп жазады baq.kz.

Істің мән-жайы анықталып жатыр. Сондықтан мен болған жағдай туралы ештеңе айта алмаймын. Туындаған сұрақтар бойынша полицияға жүгінулеріңізді сұраймын, – деп қысқа қайырды әл-Фараби атындағы ҚазҰУ проректоры Еркін Дүйсенов.

Қайғылы оқиға түскі сағат үш шамасында болған. Ректораттың 14-інші қабатынан секірген бойжеткен жерге емес, ғимараттарды жалғап тұрған дәліздің төбесіне құлаған.

Оқу орнының бас ғимаратына тек осында оқитын немесе жұмыс істейтін тұлғалар “фейс-бақылау”арқылы ғана кіре алады. Кейбір деректер бойынша, марқұм "Шығыстану" факультетінде "Түркология" мамандығы бойынша оқып жүрген. Ол бірінші курсты тәмамдап, екінші курсқа көшкен. Әлеуметтік желіде қызды мұндай қадамға оқу ақысын төлей алмауы итермелесе керек деген ақпарат тарады. Алайда студент өлім алдында соңғы хатын қалдырып, онда жағдайға отбасылық қиындық себеп болғанын жазған.

Аталмыш дерек бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасында өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жүргізілуде. Нақты мән-жайы, себеп салдар анықталып жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда ҚазҰУ-дың студенті биіктен секіріп, мерт болғанын жайлы жазған едік.