Бір тәулікте COVID пен пневмониядан 48 адам қайтыс болды

0
432

Індет жұқтырған 1047 науқастың жағдайы ауыр.


Бір тәулікте COVID пен пневмониядан 48 адам қайтыс болды

Қазақстанда бір тәулікте 48 адам коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

2021 жылғы 19 шілдедегі жағдай бойынша коронавирус белгілері бар пневмония туралы ақпарат жарияланды.
"17 шілдеде коронавирус белгілері бар пневмонияның 26 жағдайы және 7 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 70 адам емделіп шықты", - делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламада.
2020 жылғы 13 наурыздан барлығы: ауырғандар - 58631, 3541 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 53472-ге жетті.

КВИ+ және КВИ- жұқтырғандар бойынша:

  • ауыр жағдайда – 1 047 пациент,
  • аса ауыр хәлде – 230 пациент,
  • 144 пациент өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.