Індет жұқтырған 1157 адамның жағдайы ауыр.
Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус пен ковидтік пневмониядан қайтыс болғандар статистикасын жариялады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Өткен тәулікте коронавирустан 54 науқас, ал COVID белгілері бар пневмониядан 8 пациент көз жұмды.
Жалпы пандемия басталғалы коронавирустан 5116 адам, пневмониядан 3562 адам қайтыс болды.
21 шілдедегі мәлімет бойынша, республикада 64 367 адам коронавирус инфекциясынан (–62 651 + және 1716 КВИ-) емделіп жатыр. Соның ішінде 20 050 пациент стационарда, 44 317 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 1157 адамның жағдайы ауыр,
- 263 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 160 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.