Бір топтағы студенттің саны 15-тен аспауы тиіс - БҒМ

0
1 121

Дәріс және семинар сабақтары онлайн өтсе, зертханалық сабақтар және өндірістік тәжірибе дәстүрлі форматта жүргізіледі.


Бір топтағы студенттің саны 15-тен аспауы тиіс - БҒМ

Шағын қалаларда орналасқан 102 колледж штаттық режимде жұмыс істейді. Әр топтағы баланың саны 15-тен аспауы тиіс, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Елімізде колледж және жоғары оқу орындарының студенттері үшін оқу жылы негізінен қашықтан оқыту форматында басталады. Педагогикалық, IT, әлеуметтік, гуманитарлық бағыт студенттері қашықтан оқиды. Технологиялық, аграрлық бағыттар, медицина және өнер мамандықтарының студенттері ішінара қашықтықтан білім алады. Дәріс және семинар сабақтары онлайн өтсе, зертханалық сабақтар және өндірістік тәжірибе дәстүрлі форматта жүргізіледі. Алыс ауылдық жерлерде және шағын қалаларда орналасқан 102 колледж штаттық режимде жұмыс істейді,- делінген хабарламада.


Хабарламада бір топтағы студент саны 15-тен аспайтын болатыны (бірнеше топ құрылады) айтылған.


Жоғары оқу орындарында студенттер негізінен қашықтан оқыту форматында білім алады. Педагогикалық ғылымдар, IT, әлеуметтік және гуманитарлық бағыттар қашықтан оқиды. Табиғи, техникалық және аграрлық бағыттар, медицина және өнер мамандықтары бойынша дәрістер мен семинарлар онлайн, зертханалық және практикалық сабақтар штаттық режимде өткізіледі. Ал магистратура мен докторантура сабақтар ішінара қашықтықтан оқытылады. Интернатура мен резидентурада оқу дәстүрлі формата жүретін болады,- делінген хабарламада.