"Біреуі жұмыс істеп, қалғаны қарап тұр": Ақтаулықтар коммуналдық қызметтің жұмысына наразылығын білдірді (видео)

0
104

Қаладағы 16-ықшамаудандағы "Керемет" тұрғын үй кешенінің тұрғындары электр желілерін жөндеу барысын видеоға түсіріп алған.


Фото: Видеодан скрин

ERNUR.KZ. "Керемет" тұрғын үй кешенінің тұрғындары "Ақтау электр желілері басқармасы" мемлекеттік коммуналдық қызметкерлерінің жұмысын видеоға түсіріп алған. Кадрлардан бір адамның арық ішінде жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқанын, қалғандарының қарап тұрғанын байқауға болады, депп жазады stan.kz.

Коммуналдық мекеме 16-ықшамауданда электр желісінің ақауы орын алғанын, арнайы қызмет жұмысшылары тапсырманы орындағанын хабарлады.

Қаладағы 16-ықшамаудандағы "Керемет" тұрғын үй кешенінің тұрғындары электр желілерін жөндеу барысын видеоға түсіріп алған.

"Бір ғана адам жұмыс істеп жатыр, қалғандарың жәй ғана қарап тұрсыңдар. Жұмысты тезірек аяқтағыларыңыз келсе, көмектесіңіздер", – деді видео авторы.

"Ақтау электр желілері басқармасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны 22 желтоқсанда 16-шы шағын ауданда кабельдің зақымдалғанын хабарлады. Кабельдер жеті-сегіз метр тереңдікте орналасқан. Қараша айында осындай жағдай орын алғанда бір кабельді орнаттық. Алайда, жаңа кабельді төсеу бойынша жер қазу жұмыстары кезінде "ЭЛМО" ЖШС қиындықтарға тап болды. Себебі "Ас Құрылыс" компаниясы өз аумағында жұмыстарды жүргізуге рұқсат бермеген. Бұл 16-ықшамаудандағы электр қуатына қатысты жағдайды қиындатып жіберді. Өйткені резервтік кабель жоқ", – деп хабарлады коммуналдық қызмет.

"Ақтау электр желілері басқармасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны мәліметінше, 16-шағын ауданда коммуналдық қызмет балансында кабельдік желілер мен қосалқы станциялар жоқ.