Бірқатар өңірде дауылды ескерту жарияланды

0
624

Еліміздің алты өңірінде дауылды ескерту жарияланды.


Бірқатар өңірде дауылды ескерту жарияланды

ERNUR.KZ. 7 мамырда күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, күші – 15-20, облыстың батысында екпіні – 23 м/с. Петропавл қаласында күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, күші – 15-20 м/с болуы мүмкін, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Шығыс Қазақстан облысының Өскемен, Риддер және Абай облысының Семей қаласы бойынша болжанған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ҚМЖ туралы екінші дәрежелі ескерту жарияланды.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында найзағай ойнауы ықтимал. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-батысында екпіні – 15-20 м/c. Орал қаласында күндіз найзағай ойнауы мүмкін.

Маңғыстау облысының батысы мен оңтүстігінде түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. Ақтау қаласында түнде және таңертең тұман болжанады.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде күндіз найзағай ойнауы ықтимал. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні – 15-20 м/с. Облыстың орталық бөлігінде жоғары өрт қауіптілігі сақталады. Қостанай қаласында оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні – 15-20 м/с болуы мүмкін.

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай болжанады. Облыстың солтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші – 15-20 м/с. Шымкентқаласында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні – 15-20м/с.