Жасөспірім алған жарақатының салдарынан ауруханаға жатқызылды.
Фото: Жасанды инттелект freepik.com
ERNUR.KZ. Алматыда бір топ жасөспірім қатарласын соққыға жыққан. Соққы салдарынан қыздың қабырғасы сынып, миы шайқалған, деп жазады stan.kz.
Оқиға 26 қаңтарда Гүлдер саябағындағы мұз айдынында болған. Бір топ жасөспірім кәмелетке толмаған қызды себепсіз ұрып-соққан.
Жасөспірім алған жарақатының салдарынан ауруханаға жатқызылды.
Дәрігерлердің айтуынша, қыздың бірнеше қабырғасы сынған, миы шайқалған. Тіпті тістегі брекеті де сынып қалған.
Қызды соққыға жыққандар ата-аналасымен бірге полиция бөліміне жеткізілген.