Бишімбаев өзін қорғауға ресейлік сарапшыларды қосуды сұрады: Судья өтінішті қанағаттандырды

0
700

Сарапшының қорытынды ретінде берген деректері ешқандай артықшылық бермейді.


Бишімбаев өзін қорғауға ресейлік сарапшыларды қосуды сұрады: Судья өтінішті қанағаттандырды

ERNUR.KZ. Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында экс-министр Қуандық Бишімбаев ісі бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Бүгін экс-министр өзін қорғауға ресейлік сарапшыларды қосуды сұрады, деп жазады stan.kz.

Бишімбаевтың адвокаты Ресей ұлттық медицина университеті мен Ресей Федерациясы денсаулық сақтау министрлігінің сараптамасын қайта қарап, бұл деректерді қылмыстық іске қосуды сұрады. Сонымен қатар ZOOM және WhatsApp арқылы сарапшыларға сұрақтар қою қажет.

Сот ресейлік сарапшылардың тұжырымдамасын зерттеуге рұқсат берді.

Судья Айжан Көлбаева Бишімбаевтың қылмыстық іс материалдарына Ресей Федерациясының сараптама қорытындысын енгізу туралы адвокаттардың өтініші ішінара қанағаттандырылғанын хабарлады.

Судья ҚР Қылмыстық кодексінің 362-бабына сәйкес "тараптар қылмыстық іске материалдарды енгізу туралы өтінішхат беруге құқылы" деп түсіндірді.

"Бірақ сарапшының қорытынды ретінде берген деректері ешқандай артықшылық бермейді. Қылмыстық іс материалдарына қосылған сарапшы қорытындысына сот баға береді", – деді судья.

Сот Салтанат Нүкенованың келісімдері мен сапарлары туралы ақпаратты қылмыстық іс материалдарына енгізу туралы өтінішін қолдамады.