Бишімбаев Салтанаттың иегінен қан аққанда неге жедел жәрдем шақырмағанын айтты

0
309

Бишімбаевтың айтуынша, сол кезде қан қатты ақпаған. Сол себепті иегін қағаз майлықпен сүрте салған.


Бишімбаев Салтанаттың иегінен қан аққанда неге жедел жәрдем шақырмағанын айтты

ERNUR.KZ. Бүгін сотта Қуандық Бишімбаев Салтанаттың иегінде болған екі сантиметрлік жарақатты көре тұра, жедел жәрдем неге шақырмағанын айтты, деп жазады sputnik.kz.

Прокурор Айжан Аймағанова сот-медициналық сараптамада көрсетілген жарақаттар жайында сұрады. Атап айтқанда, Салтанаттың иегінде тілік тәрізді жара болды. Үлкендігі – 2 см/0,4 см.
"Бишімбаев, сіз ондай жараны және қанның ағып тұрғанын көре тұра, неге жедел жәрдемд шақырмадыңыз?", - деді Аймағанова.
Бишімбаевтың айтуынша, сол кезде қан қатты ақпаған. Сол себепті иегін қағаз майлықпен сүрте салған.
"Иә, қан болды, бірақ жедел жәрдемді шақыратындай қатты ақпаған. Жара да үлкен болған жоқ. Мен қарағанда кішкентай ғана тілік болды, жай ғана қанап тұрды. Ісік те болмады. Қазіргі фотодағыдай болған жоқ", - деді Бишімбаев.
Сараптамаға сәйкес, Салтанат Нүкенова алған жарақатынан кейін 8 сағат өткен соң көз жұмды. Оның самай жағында, құлағында, мұрнында, ернінде жарақат болған. ,Сонымен қатар желкесінде, иегінде, иығында, санында, сирағында, жамбасында қан ұйып қалды. Мәйіттің барлық фотосы алқабилерге көрсетілді.
Осыдан кейін прокурор Бишімбаевтың көріпкелге хабарласқанын еске алды.
"Неге сіз Салтанаттың жағдайын көре тұра, жедел жәрдемге емес, көріпкелге қоңырау шалдыңыз?", - деді Аймағанова.
Бишімбаев бұл сұраққа жауап бере алмады.
"Бұл - менің ең үлкен қателігім...Мен ештеңе айта алмаймын", - деді ол.
Жедел жәрдемді Бақытжан Байжанов шақыруды ұсынған. Бірақ Бишімбаев көріпкелдің сөзіне сеніп қалдым дейді. Ол кісі "Салтанаттың кешке дейін ұйқысын қандырып тұратынын" айтқан.