Бишімбаевтың қылмысын жасырамын деп түрмеге түскен Байжанов рақымшылыққа ілікті

0
127

​Сот жаза мерзімін қысқартты.


Бишімбаевтың қылмысын жасырамын деп түрмеге түскен Байжанов рақымшылыққа ілікті

Фото: видеодан скриншот

ERNUR.KZ. Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың інісі Бақытжан Байжанов Конституцияның отыз жылдығына орай жарияланған рақымшылыққа ілікті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Шілде айының басында Бақытжан Байжанов Степногор аудандық сотына жаза мерзімін қысқарту жөнінде өтініш білдірген болатын.

Степногор қалалық соты Байжановтың рақымшылыққа байланысты өтінішін қарап, оны қанағаттандырды. Сот оның өтелмеген жазасын қысқартқан.

«Сот қаулысымен Б.-ға қатысты жазаның өтелмеген бөлігі үштен бір бөлігіне қысқартылды және түпкілікті өтеуге 1 жыл 4 ай 17 күн бас бостандығынан айыру мерзімі белгіленді», - делінген хабарламада.

Сот актісі әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Естеріңізге салайық, экс-министр Қуандық Бишімбаев азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін 25 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Ал оның туысы Бақытжан Байжанов қылмысты жасыру бабымен төрт жылға сотталған.

Жуырда елімізде Конституцияның отыз жылдығына орай сотталғандарға рақымшылық беру туралы заң қабылданды.