Биыл 1 млн-ға жуық шетел азаматы Қазақстанға келуге өтініш берген

0
145


Биыл 1 млн-ға жуық шетел азаматы Қазақстанға келуге өтініш берген

Фото: Freepik

Қазақстанға 87 елдің азаматтары визасыз келе алады. Бұл туралы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленов мәлім етті, деп жазады kaz.inform.kz.


“ Ішкі істер министрлігі көші-қон бақылауын қамтамасыз ету шараларын қабылданып жатыр. Жалпы, қазір шетел азаматтарына қолайлы жағдай жасалған. Олардың елге кіру мен елде болу рәсімдері жеңілдетілді. Елімізге 87 мемлекеттің азаматтары визасыз кіре алады “, — деді Бауыржан Әленов Үкімет отырысында.
Министрдің бірін орынбасарының мәлімдеуінше, электрондық виза 107 елдің азаматтарына виза беріледі.

“ 2020 жылдан бері Қазақстанға келетін шетелдіктер уақытша тіркеуден босатылды, бұрын 5 күн ішінде есепке тұратын. Қазір шетел азаматтарының келгені туралы қабылдаушы тарап хабарлауға міндетті («Е-Қонақ» қосымша арқылы). Биыл 900 мыңнан астам өтініш түсті. Тіркеу тәртібін сақтамағаны үшін 14 800 адам жауапкершілікке тартылды. Осы орайда полиция шетел азаматтарына түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр “, — дейді ведомство өкілі.