Биыл 5 айда 7 сарбаз өз-өзіне қол жұмсаған

0
496

Әскердегі өлімді азайту үшін қазір арнайы топ құрылған.


Биыл 5 айда 7 сарбаз өз-өзіне қол жұмсаған

Биыл небәрі 5 айдың ішінде 7 сарбаз өз-өзіне қол жұмсаған. Оның төртеуі суицидтің құрбаны болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Астана арнасына сілтеме жасап.

Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев осылай деп мәлімдеді. Оның айтуынша, әскердегі өлімді азайту үшін қазір арнайы топ құрылған. Жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр дейді.

"Қайғылы оқиғаларды азайту үшін жұмыс істеп жатырмыз. Қазір айти компаниялармен келіссөз жүргізіп, барлық жерлерге камера орнатудамыз. Сондай-ақ, әр сарбазға арнайы смарт сағаттар әзірлеу жоспарда бар. Сол арқылы азаматтың жағдайын, жүрек қағысын, денсаулығын, қайда жүргенін бақылай аламыз", - дейді Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев.