Биыл мектептер ашыла ма - Аймағамбетов жауап берді

0
866

Мектептер дәстүрлі форматта жұмыс істеуі үшін ол жасыл аймақта болғаны жөн, дейді министр.


Биыл мектептер ашыла ма - Аймағамбетов жауап берді

ERNUR.KZ. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 2021 жылдың қыркүйегіне қарай мектептерді ашу мүмкіндігі туралы айтты, деп жазады Stan.kz.

"Біріншіден, біз жаңа оқу жылында мектептерді ашамыз және балаларымыз дәстүрлі форматта оқуға мүмкіндік алады деп үміттенеміз. Бірақ, әрине, бұл үшін ең маңызды базалық шарттарды орындау қажет - бұл қарапайым санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау, бұл вакцинация және әрине, мектептер дәстүрлі форматта жұмыс істеуі үшін осы немесе басқа аймақтың қызыл аймақта болмауы, оның жасыл аймақта болғаны жөн.

Бірақ қазір вакцинацияның жалпы қарқыны, аурудың төмендеу қарқыны келесі жылдың басында болжанып отырғанын көріп отырмыз. Алдағы оқу жылында мектептерімізді ашып, балаларымыз дәстүрлі форматта оқитын болады деп ойлаймыз", – деп жауап берді Аймағамбетов.