БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 11 қыркүйек күні Сырым ауданы орталығы Жымпиты ауылы маңында болды.
ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысында 11 тонна тоқыма бұйымдары тиелген жүк көлігі жанып кетті, деп жазады ҚазАқпарат.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 11 қыркүйек күні Сырым ауданы орталығы Жымпиты ауылы маңында болды.
«Сағат 14.21-де 1971 жылғы өзбекстандық азамат айдап келе жатқан DAF жүк көлігі отқа оранды. Автокөлік 11 тонна тоқыма бұйымдары тиелген тіркемесімен қоса жанып кетті. Өртті сөндіруге 10 адам 3 техникамен қатысты. «Тілсіз жау« сағат 15.44-те оқшауланып, 17.02-де толықтай ауыздықталды. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, келтірілген шығын анықталу үстінде», деп хабарлады ведомстводан.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да автокөлік 4 жылқыға соғылып, 5 адамның ауруханаға жеткізілгенін жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Оралда балалар үйінен қашқан 2 жеткіншек іздестіріліп жатыр.