Ер адам алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмған.
ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысында полиция бөлімінің бастығы жол-көлік апатынан қаза тапты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Mgorod.kz порталының жазуынша, қайғылы оқиға түнгі сағат 1.00 шамасында Чапаево – Жаңақала жолының 124-шақырымында, Жаңақала ауылынан төрт шақырым қашықта болған.
«Chevrolet Cobalt көлігінің 37 жастағы жүргізушісі рөлді басқара алмай, көлік аударылып кеткен. Жүргізуші оқиға орнында көз жұмды. Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы «Жол қозғалысы ережелерін бұзу» бойынша тіркелді
БҚО денсаулық сақтау басқармасы жедел жәрдем станциясының пультіне қоңырау түнгі сағат 01:18-де түскенін хабарлады. Медициналық топ 01:22-де оқиға орнына жеткенімен, жол-көлік апатынан зардап шеккен ер адам алған жарақатынан жедел жәрдем келгенше қайтыс болып кеткен.
«Көлікті Жаңақала аудандық жергілікті полиция бөлімінің бастығы Руслан Асқаровтың жүргізгені белгілі болды. Ол көлікте жалғыз болған. Сол түні полиция қызметкерінің кезекшілікте болған-болмағаны қазірше белгісіз. Басқа мәліметтер зерттеліп жатыр», - делінген хабарламада.