БҚО-да «Sayat» этнотуристік орталық ашылды

0
1 215

Орталық «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұлттық спорт түрін, отандық туризмді дамыту мақсатында ашылған


БҚО-да «Sayat» этнотуристік орталық ашылды

ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысының Мичурин ауылдық округінде «Sayat» этнотуристік орталығы ашылды, деп жазады Bag.kz.

Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұлттық спорт түрін, отандық туризмді дамыту мақсатында ашылған орталықтың тұсаукесеріне облыс әкімі Алтай Көлгінов, ҰОС ардагерлері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері және республиканың ат спорты федерациясының өкілдері қатысты.

«Жеке кәсіпкер Мұрат Жәкібаевтың бастамасымен ашылған кешен спорттық туризм, Медициналық-рекреациялық туризм саласында жұмыс істейтін болады. Аудан тұрғындары мен қонақтарына Көкпар, Теңге алу, сондай-ақ әр түрлі ат-спорттық ойындар ұсынылды. Бұл кешеннің мақсаты облыста белсенді демалысты ұйымдастыру және туризмді дамыту», - дейді әкімдіктің баспасөз қызметі.