Блогер Қайсар Қамза Вьетнамда қамауда отыр

0
132

Ерлан Жетібаев тиісті органдар оны экстрадициялау мәселесін қарастырып жатқанын мәлімдеді.


Блогер Қайсар Қамза Вьетнамда қамауда отыр

фото: Қайсар Қамзаның жеке парақшасы

ERNUR.KZ. Сыртқы істер министрлігінің өкілі Ерлан Жетібаев қазақстандық блогер Қайсар Қамзаның қазір Вьетнамда қамауда отырғанын айтты, деп жазады stan.kz.

Ерлан Жетібаев тиісті органдар оны экстрадициялау мәселесін қарастырып жатқанын мәлімдеді.

"Бұл азамат Вьетнамда қамауда, ал Бас прокуратура оны экстрадициялаумен айналысып жатыр. Тиісті шаралар жалғасады", – деді Жетібаев.

Қолда бар ақпаратқа сәйкес, тиісті рәсімдер жалғасып жатыр. Қамза бұған дейін қамауға алынбағанын және Вьетнам билігі оның құжаттарын тәркілегенін мәлімдеген.

Еске салайық, 2026 жылғы 11 қаңтарда Қаржылық мониторинг агенттігі қазақстандық блогер Қайсар Қамзаға іздеу жариялағаны белгілі болды. Кейін блогер бұл ақпаратқа Instagram Stories арқылы жауап беріп, дастархан басында отырған суретін жариялап, “Бәрі дұрыс” деп қысқа жазба қалдырған.

14 қаңтарда Қаржылық мониторинг агенттігі Қайсар Қамзаның заңсыз ойын бизнесіне жәрдемдесті деген күдікпен халықаралық іздеуге жарияланғанын мәлімдеген еді.