Бойжеткен Ақтаудың қақ ортасында ер азаматты не үшін ұрып жыққанын айтты

0
1 301

Қыздар әуелі ескерту жасаған екен.


Бойжеткен Ақтаудың қақ ортасында ер азаматты не үшін ұрып жыққанын айтты

ERNUR.KZ. Ақтау қаласындағы 16, 17, 18 және 19 шағын аудандар арасындағы қиылыста жас қыз жігіттермен төбелесіп қалған. Оқиға орнында түсірілген видео желіде желдей ескен еді. Видео "қаһармандары" төбелес себептерін айтты, деп жазады Stan.kz.

Қыздың айтуынша, тапа-тал түсте көшедегі жігіттер тиісе бастапты. Қыздар әуелі ескерту жасаған екен. Бірақ жігіттер қызға ортаңғы саусағын көрсеткен. Мұндай әдепсіз әрекетке қыздар шыдап тұра алмаған.

"Біз дүкенге кіргенде, олар бізге тисіп тұрды. Өз араларында олар бізге ұнағанын айтып жатты. Олардың бірі бізді итеріп жіберді. Біз бұл дөрекілікті елеусіз қалдырмай, біз де итеріп жібердік. Осыдан кейін сөзден сөз шығып көшеде төбелес басталды", - деді ақтаулық қыз.

Еске салсақ, Ақтаудың қақ ортасында бойжеткен ер азаматты ұрып жыққан видеосы желіде тарап еді.