Стипендиаттардың 69,8%-ы жаратылыстану-техникалық бағыттар бойынша, ал 30,2%-ы қоғамдық-гуманитарлық бейін бойынша оқиды.
Фото: istockphoto.com
ERNUR.KZ. «Болашақ» халықаралық стипендиясы және «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламасы иегерлерінің тізімі жарияланды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның шешімімен биыл 225 қазақстандық «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанды. Олардың ішінде:
- магистратураға 152 адам,
- докторантураға 16 адам түсті.
Ал 57 қазақстандық әлемнің жетекші университеттері мен ғылыми-білім беру орталықтарында кәсіби тағылымдамадан өтеді.
Стипендиаттардың 69,8%-ы жаратылыстану-техникалық бағыттар бойынша, ал 30,2%-ы қоғамдық-гуманитарлық бейін бойынша оқиды.
Сонымен қатар тағы 182 қазақстандыққа әлемнің жетекші ғылыми және зерттеу орталықтарында ғылыми тағылымдамадан өтуге стипендия тағайындалды.


