Бразилияда Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақтың қара жәшігін зерттеу басталды

0
324

Қара жәшіктен алынған ақпарат Қазақстанның авиациялық оқиғаларды тергеу департаментіне жіберіледі.


Бразилияда Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақтың қара жәшігін зерттеу басталды

фото:ТЖМ

ERNUR.KZ. Бразилияда сарапшылар 25 желтоқсанда Ақтау маңында апатқа ұшыраған ұшақтың қара жәшіктерін зерттеуге кірісті, деп жазады ulysmedia.kz.

AzeSputnik мәліметінше, қара жәшікті зерттеу жұмыстарына Қазақстан, Әзербайжан мен Ресейдің тергеушілері де қатысып жатыр.

Қайғылы оқиғаның себептерін анықтау үшін виртуалды шындықты пайдаланып графикалық реконструкция жасау жоспарланып отыр, делінген хабарламада.

Бразилияның G1 порталының мәліметінше, қара жәшіктен алынған ақпарат Қазақстанның авиациялық оқиғаларды тергеу департаментіне жіберіледі.

АҚТАУ МАҢЫНДАҒЫ АПАТ

25 желтоқсан күні Ақтау қаласының маңында Azerbaijan Airlines әуекомпаниясының Бакуден Грозныйға бағыт алған жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, 38 адам қаза тапты.

Бортта 5 экипаж мүшесін қоса алғанда 67 адам болған. Жолаушылардың 6-ауы Қазақстан, 42-сі Әзербайжан, 3-еуі Қырғызстан, 16-сы Ресей азаматы.