Бұдан былай әріптесін алмастырған қызметкерге қосымша ақы төленеді

0
77

Еңбек заңнамасын жүйелі түрде бұзатын ұйымдар бақылаушы органдардың қатаң бақылауына алынады.


Бұдан былай әріптесін алмастырған қызметкерге қосымша ақы төленеді

Фото: depositphotos.com

ERNUR.KZ. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек кодексінің 111-бабына өзгерістер енгізді, деп жазады Ulysmedia.kz.

Бұған дейін кейбір жұмыс берушілер қызметкердің еңбек шартында «әріптесін алмастыру міндеті бар» деген тармақ болған жағдайда, қосымша төлем төлеуден бас тартып келген. Енді бұл мүмкіндік заңнан алынып тасталды.

Өзгерісеке сәйкес, 2026 жылдың 8 маусымынан бастап кез келген әріптесті алмастыру жұмысы қосымша жүктеме ретінде қарастырылады және ол үшін жұмыс беруші міндетті түрде ақы төлеуі тиіс.

“Енді қызметкер басқа әріптесін уақытша алмастырған жағдайда, ол міндетті түрде қосымша ақы төленетін жұмыс ретінде қарастырылады. Мұндай жағдайларға қызметкердің еңбек демалысына шығуы, науқастануы, іссапарға кетуі немесе басқа да себептермен уақытша жұмыс орнында болмауы жатады”, – делінген хабарламада.

Алайда мұндай алмастыру жұмысы міндетті түрде ресми түрде рәсімделуі керек. Ол арнайы бұйрық немесе қосымша келісім арқылы бекітіледі. Ресми құжатсыз қосымша міндет жүктеу заңды күшке ие болмайды.

Сонымен қатар, заңнамада қосымша төлемнің нақты ең төменгі мөлшері белгіленбеген. Сондықтан оның көлемі жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы келісім негізінде анықталады.

Егер қызметкерге әріптесін алмастыру тапсырылса, ол міндеттің ресми рәсімделгеніне көз жеткізіп, қосымша ақы мөлшерін алдын ала келісу қажет. Сондай-ақ орындалған жұмысты растайтын құжаттарды сақтаған дұрыс. Ал дау туындаған жағдайда алдымен жұмыс берушіге жазбаша түрде жүгіну керек, қажет болса еңбек инспекциясына шағымдануға болады.

Еңбек заңнамасын жүйелі түрде бұзатын ұйымдар бақылаушы органдардың қатаң бақылауына алынады.