Бұдан былай мемлекеттік қызметкерлердің туыстары қосымша тексеруден өтеді

0
527

Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған түзетулерге сәйкес, бұдан былай мемлекеттік қызметкерлер мен олардың туыстары қосымша қаржылық тексеруден өтеді.


Бұдан былай мемлекеттік қызметкерлердің туыстары қосымша тексеруден өтеді

ERNUR.KZ. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметкерлер мен олардың туыстарының қаражатын қосымша тексеру туралы заңға қол қойды, деп жазады inbusiness.kz.

Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.

Қабылданған заңмен қатар елімізде мемлекеттік қызметкерлер институтын енгізу басталады. Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған түзетулерге сәйкес, бұдан былай мемлекеттік қызметкерлер мен олардың туыстары қосымша қаржылық тексеруден өтеді.