Бүгін – медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі

0
155

Медицина қызметкері болу – тек терең білім мен мол тәжірибені ғана емес, сонымен қатар адамгершілік пен жанқиярлықты қажет ететін абыройлы міндет.


Бүгін – медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі

ERNUR.KZ. Маусым айының әр үшінші жексенбісінде біз денсаулығымыз бен өмірімізді сеніп тапсыратын жандардың – медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі атап өтіледі. Бұл күні дәрігерлер, медбикелер, фельдшерлер мен санитарлар өздерінің төл мерекесін тойлайды.

Медицина қызметкері болу – тек терең білім мен мол тәжірибені ғана емес, сонымен қатар адамгершілік пен жанқиярлықты қажет ететін абыройлы міндет. Бүгінде елімізде бірегей операциялар жасалып, заманауи технологиялар мен озық емдеу әдістері кеңінен қолданылып келеді.

Өз өмірін осы бір асыл мамандықпен байланыстырған барлық жанды құттықтаймыз. Ерен еңбектеріңізге, жанашырлықтарыңыз бен іске адалдықтарыңызға алғыс айтамыз!