Бүгін түнде Ақтауда қоймадан өрт шықты

0
86

Өрттің шығу себебі анықталуда.


Бүгін түнде Ақтауда қоймадан өрт шықты

ERNUR.KZ. Ақтау қаласының 29А шағын ауданында жауапкершілігі шектеулі серіктестердің бірінің аумағында дәнекерлеу аппараттарын сақтауға арналған бір қабатты ангар жанды, деп жазады kaz.inform.kz.




Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, ТЖМ күштері сыйымдылығы 50 литр болатын 3 газ баллонын жане бір оттегі баллонын қауіпсіз жерге шығарды. Өрт 60 шаршы метр алаңды шарпыған.

Сондай-ақ таңертең Қосшы қаласында жеке тұрғын үйлердің бірінде үйге жапсарлас салынған от жағатын бөлмеден өрт шықты.

Өрт сөндірушілердің үйлесімді және кәсіби сауатты әрекеттерінің арқасында өрттің тұрғын үйге таралуына жол берілмеді. Өрт сөндірілді. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.