Екі күн бұрын облыс әкімі Асайын Байханов Екібастұз қаласындағы бірқатар мектепті аралап, жылуды тексерген болатын.
ERNUR.KZ. Жылумен жабдықтау жүйесі екі білім беру мекемесінде реттеліп жатыр, деп жазады inbusiness.kz.
19 желтоқсаннан бастап Екібастұздағы барлық балабақшалар мен мектептердің басым бөлігі балалар мен оқушыларды қабылдайды. Себебі температура қалыпты шекке жетті.
Бұл туралы Екібастұз қаласының әкімі өзінің Instagram парақшасында өткен тікелей эфир кезінде айтты.
"Барлық мектептердің ішінен тек №24 және №1 ЖОББМ-де қажетті параметрлерге қол жеткізе алмай отырмыз. Сол себепті аталған екі мектеп сәл кейінірек оқушыларды қабылдайды. Менің ойымша, 2-3 күнде жүйені толығымен жөндейміз. Біз жылуды қалыпқа келтіру бойынша қажетті жұмыстарды жүргізіп жатырмыз", - деді Аян Бейсекин.
Ол қалада жылумен жабдықтау жүйесін теңестіруді жалғастырып жатқанын жеткізді. Сондықтан кейбір көпқабатты үйлер әлі де суық екенін атап өтті. Мұндай үйлерді "Екібастұзтеплоэнерго" тұрғын үй инспекциясы және жылу инспекциясы бөлімінің мамандары тексереді.
Айта кетейік, екі күн бұрын облыс әкімі Асайын Байханов Екібастұз қаласындағы бірқатар мектепті аралап, жылуды тексерген болатын.