Бурабайдағы квадроцикл апаты: 24 жастағы бойжеткеннің жағдайы белгілі болды

0
132

​Дәрігерлер оның өмірі әлі қыл үстінде тұр дейді.


Бурабайдағы квадроцикл апаты: 24 жастағы бойжеткеннің жағдайы белгілі болды

Фото: скриншот

ERNUR.KZ. Бұған дейін хабарлағанымыздай, 14 ақпан күні Бурабайда квадроцикл жүргізушісі ағашқа соғылып, бір бойжеткен ауыр жарақат алған. Дәрігерлер оның жағдайы туралы ақпарат берді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Дәрігерлер бойжеткеннің өмірі әлі қыл үстінде тұрғанын және оның жарақаттары тым ауыр екенін айтып отыр.

«Науқас жан сақтау бөлімінде. Оның бас сүйегі, жағы, басының ми бөлігі ашық жарақат алған. Жансақтау бөліміндегі науқастың жағдайы өте ауыр деп бағаланып отыр», - деді Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы.

Науқас қазір терең комада жатыр және жасанды тыныс алу аппаратымен дем алып жатыр. Оның жағдайы тым ауыр болғандықтан, дәрігерлер операция жасай алмай отыр.

Айта кетейік, кеше Ақмола облысының полициясы осы оқиғадан кейін квадроцикл иелерін жаппай тексере бастаған.