​Черногория билігі Дина Таңсәріні қамаудан босатты

0
199

Кеше «НеМолчи» қорының жетекшісі ұсталып, Подгорицадағы Жоғарғы сотқа жеткізілген болатын.


​Черногория билігі Дина Таңсәріні қамаудан босатты
Фото: facebook.com/dina.tansari.kz
ERNUR.KZ. Черногория билігі «НеМолчи.kz» қорының жетекшісі Дина Таңсәріні (Динара Смайылованы) қамаудан босатты, деп жазады inform.kz.

Кеше «НеМолчи» қорының жетекшісі ұсталып, Подгорицадағы Жоғарғы сотқа жеткізілген болатын.

Бүгін Черногорияның Жоғарғы соты Смайылованы босату туралы шешім қабылдады. Оны отанына қайтармайтыны туралы ақпаратты қор өкілдері хабарлады.
— Динаны босатты. Черногорияның Жоғарғы соты Динаны экстрадициялаудан бас тартты. Енді Динаның өзі сіздермен байланысқа шығады, — деп жазылған қордың парақшасындағы жазбада.
Дина Таңсәрі Черногорияда ұсталып, Қазақстанға экстрадициялануы мүмкін екендігі туралы жазған едік.
Зорлық-зомбылық құрбандары туралы ақпарат тарататын «НеМолчиKZ» қорының басшысы Динара Смайылова (Дина Таңсәрі) Черногорияда ұсталды және таңға дейін уақытша ұстау изоляторында болды.