Қазақстан Республикасы матрицаға сәйкес "сары" аймақта орналасқан.
16 наурызда Қазақстан өңірлерінде эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, "қызыл" аймаққа Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Батыс Қазақстан облысы кірді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
"Сары" аймаққа енген өңірлердің қатарына: Ақмола, Қарағанды, Алматы, Атырау облыстары кірген. Қалған өңірлер - "жасыл" аймақта.
Қазақстан Республикасы матрицаға сәйкес "сары" аймақта орналасқан.
Еске сала кетейік, Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 10 адам қайтыс болды. Нақтырақ, бір күнде коронавирустан 9 адам, коронавирус белгілері бар пневмониядан бір адам қайтыс болды.


