​Денис Тенді өлтірген екінші күдіктінің суреті жарияланды

0
3 073

1994 жылы дүниеге келген, Қызылорда облысының тумасы.


​Денис Тенді өлтірген екінші күдіктінің суреті жарияланды

ERNUR.KZ. Полиция Денис Тенді өлтірді деген екінші күдіктіні іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ішкі істер министрлігі екінші күдіктіні іздестіру жұмыстарына толықтай жеке құрам мен аумақтық Ішкі істер департаментінің күштерін жұмылдырды.

Күдікті Құдайбергенов Армар Бөрібайұлы, 1994 жылы дүниеге келген, Қызылорда облысының тумасы.

Осыған дейін дәрігерлер Денис Тенді неге аман алып қала алмағанын түсіндірген болатын. Орталық қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Ержан Құттығожиннің айтуынша, Денис Тен ауруханаға сағат 15.23-те түсті.

"Барлық туысы мен жақынына көңіл айтамын. Кенеттен келген өлім болды. Клиникаға аса ауыр жағдайда түсті. Екі сағаттан аса уақыт бойы жүрегі мен өкпесіне жансақтау шаралары жүргізілді. Бірақ, амал не, қайтыс болды. Өмірлік маңызы бар органдарындағы жарақаттар таңып қайтыс болды", - деп түсіндірген еді дәрігер.

Ал бүгін, 20 шілдеде Денис Тенді өлтірді деген күдіктілердің бірі ұсталып, өз қылмысын мойындады. Алматы прокурорының мәліметінше, ұсталған күдіктінің аты-жөні - Қиясов Нұралы Дәулетбекұлы. Күдікті 1994 жылы дүниеге келген, Жамбыл облысының тумасы. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Еске салайық, кеше, 19 шілдеде Алматыда белгісіз біреулер Денис Тенді пышақтап кеткен болатын. Оқиға шамамен 15.00-де Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында болған. Кейін қалалық ІІД өкілдері Денис Тенге автоұрылар шабуыл жасағанын мәлімдеді. Сөйтсек, спортшы ұрылардың үстінен түскен болып шықты. Жанжал кезінде спортшының аяғына пышақ тиіп, көп қан жоғалтқан. Ол ауруханада көз жұмды.