Денсаулық министрі полицияға не үшін арыз түсіргенін айтты

0
574

Бұған дейін экс-министр Елжан Біртанов желіде Олжас Әбішев екеуін қолдайтын петицияның жарияланғанын жазды.


Денсаулық министрі полицияға не үшін арыз түсіргенін айтты

ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният полицияға арыз түсірудің себебін айтты, деп жазады sputnik.kz.

Бұған дейін экс-министр Елжан Біртанов желіде Олжас Әбішев екеуін қолдайтын петицияның жарияланғанын жазды. Оны сотта да көрсеткен. Петицияда Ажар Ғинияттың қолтаңбасы да бар. Бірақ денсаулық министрі полицияға арыз түсірді.
Біртановтың ойынша, Ғиниятта қолтаңбаны Әбішев қолдан жасады деген күдік бар. Себебі оны полицияға шақырған. Журналистерге сұхбат берген денсаулық министрі Ажар Ғиният полицияға арыз түсіргенін растады. Бірақ Әбішевтің үстінен шағым түсірмедім дейді.

"Мен оның үстінен арыз түсірген жоқпын. Біреу менің атымнан және менен келісім алмай, жеке мәліметтерімді пайдаланып, петицияға қол қойған. Менің жеке сәйкестендіру нөмірімді де көрсеткен. Мен мемлекеттік органның басшысымын, сондықтан халық кез келген арызымды министрліктің ұстанымы деп қабылдайды. Осыған байланысты шағым жазып, кім және қандай мақсатта олай істегенін анықтауды сұрадым", - деді Ғиният сенат отырысынан кейінгі брифингте.