Елордалық ІТ мамандар дезинфекция жасайтын әмбебап құрылғы ойлап тапты.
ERNUR.KZ. Бөлмеде дезинфекция және ионизация жасайтын құрылғы ойлап тапқан астаналық ІТ мамандар Канадаға шақырту алды, деп жазады ҚазАқпарат.
«Біздің мамандар ойлап тапқан «Smart Recirculdtion control» жүйесін қысқартып SRC десекте болады. Әмбебап құрылғыны әзірге апробациядан өткізіп жатырмыз. Сынақтан сәтті өтсе, алдағы уақытта толық өндіріске шығарып, оның көлемін арттыру жоспарымыз бар. Жаңа жүйенің арқасында ІТ саласында жаңа жұмыс орындары пайда болады. Өздеріңіз білесіздер, Мемлекет басшысының елімізде сұранысқа ие ІТ мамандары санын арттыру міндетін қойды. Бүгінде біздің ІТ мамандарымыз Канада елінен шақырту алып отыр. Сол сияқты біз жүйе бойынша қазақстандық және халықаралық интеллектуалды меншік институтының патентін алдық», - деді «It Smart Solutions» ІТ компаниясының директоры Диляра Төленова.
Бұған дейін хабарлағанымыздай елордалық ІТ мамандар дезинфекция жасайтын әмбебап құрылғы ойлап тапты.
Мамандардың айтуынша, аталған құрылғы бір мезетте бірнеше функцияны атқарады. Яғни бөлмеге дезинфекция және ионизация жасайды, құрылғыға аудио және бейнебақылау жүйесі орнатылған. Және жүйені қашықтан басқаруға болады.