Директор мен мұғалім сыйлық алған жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тартылады – Антикор

0
433

Ведомствоға 1424 Call-орталығы арқылы мектептердегі ақша жинау фактісі бойынша 20-дан астам шағым түскен.


Директор мен мұғалім сыйлық алған жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тартылады – Антикор

ERNUR.KZ. Мектепте сыйлық алған директор мен мұғалім қылмыстық жауапкершілікке тартылады, деп жазады sputnik.kz.

Ведомствоға 1424 Call-орталығы арқылы мектептердегі ақша жинау фактісі бойынша 20-дан астам шағым түскен.
"Жыл сайын мектептерде соңғы қоңыраулар, бітіру кештері және мұғалімдер мен мектеп директорларына қымбат сыйлық алып жатады. Оқушылардың ата-аналары қосымша шығындарды көтермеуі керек. Қазақстанда орта білім тегін. Барлық мектепте алымдарға қатаң тыйым салынады", - дейді агенттік мамандары.
Директор мен мұғалім сыйлық алған жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
"Мектеп директорлары заңсыз материалдық сыйақы мен пара алғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Әкімшілік сыбайлас жемқорлық үшін 600 АЕК айыппұл салынады, ал қылмыстық жауапкершілікке тартылса, мүлкі тәркілене отырып, пара сомасының 20 еселенген мөлшерінде айыппұл салудан бастап 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы белгіленеді.
Ал мұғалімдерге құны 10 АЕК-тен асатын сыйлық беруге тыйым салынады. Егер заңбұзушылық болған жағдайда 2000 АЕК дейін айыппұл түріндегі қылмыстық жауапкершілікке тартылады", - деп жазылған антикор хабарламасында.
Ата-аналардан немесе қызметкерлерден ақша жинау фактілері, сондай-ақ басқа да сыбайлас жемқорлық туралы 1424 Call-орталығына шағымдануға болады.