Дүние жүзінде пандемия жағдайы нашарлап жатыр - ДДҰ басшысы

0
814

Еуропадағы ахуал жақсарып жатқанына қарамастан, дүние жүзінде одан сайын нашарлап барады.


Дүние жүзінде пандемия жағдайы нашарлап жатыр - ДДҰ басшысы

ERNUR.KZ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Аданом Гебрейесус коронавирустың тарау жағдайы нашарлап бара жатқанын айтты, деп жазады Tengrinews.kz.


"Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19 анықталған 7 миллионға жуық жағдай мен 400 мыңға жуық адам өлімі туралы хабарлады. Еуропадағы ахуал жақсарып жатқанына қарамастан, дүние жүзінде одан сайын нашарлап барады. 10 күннің тоғызында 100 мыңнан аса COVID-19 жағдайы тіркелді. Кеше 136 мыңнан аса адам вирус жұқтырғаны хабарланды, бұл бір тәуліктегі ең көп жағдай", - деді Гебрейесус.


Оның айтуынша, 136 мың адамның 75 пайызы 10 елдің өкілі, көп жағдайда Америка аймағы мен Оңтүстік Азия елдерінде тұрады.


"Африка аймағының көптеген елінде әлі күнге дейін COVID-19 жағдайы көбейгені айтылып жатыр, олардың кейбіреуі жаңа аудандарда пайда болды. Осы аймақтағы елдің көпшілігінде 1000-нан аз жағдай кездеседі. Сондай-ақ, біз Шығыс Еуропа мен Орталық Азияның кейбір бөлігінде вирус көбейіп жатқанын байқадық", - деді ДДҰ бас директоры.


Ол бірқатар елде вирус жұқтырғандар саны азайып келе жатқанын мәлімдеді.

Ұйымның соңғы мәліметтеріне сәйкес, соңғы бір тәулікте COVID-19 жұқтырудың 131 296 жағдайы тіркелген, 3 469 науқас қайтыс болған. Осылайша, дүние жүзінде коронавирус анықталған жағдайлардың жалпы саны - 6 931 000, қайтыс болғандар саны - 400 857.