Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік 2027 жылғы конгресін Астанада өткізуі мүмкін

0
109

Мұндай деңгейдегі іс-шаралардың Қазақстанда өтуі елдің антидопинг саясатындағы жүйелі жұмыстың нәтижесі ретінде қарастырылады.


Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік 2027 жылғы конгресін Астанада өткізуі мүмкін

© Photo : Astana International Forum 2023

ERNUR.KZ. Дүниежүзілік допингке қарсы агенттігі 2027 жылғы конгресін Астанада өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлады туризм және спорт министрлігі, деп жазады sputnik.kz.
Биыл наурыз айында жеңіл атлетикадан жабық кешендегі әлем чемпионаты аясында Туризм және спорт министрі мен WADA президенті өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Құжат білім беру, допингтің алдын алу және ғылыми зерттеулер бағыттарындағы бірлескен жұмысты кеңейтуге бағытталған.
"Қазақстан Орталық Азия өңірінде таза спортты дамытуда маңызды рөл атқарады", – деді WADA президенті Витольд Банька.
Сондай-ақ ол Қазақстанның антидопинг мәдениетін дамытуға және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалады.
Кездесу барысында тараптар 2027 жылы Астанада WADA Атқарушы комитеті мен Құрылтай кеңесінің отырыстарын өткізу мүмкіндігін талқылады. Мұндай деңгейдегі іс-шаралардың Қазақстанда өтуі елдің антидопинг саясатындағы жүйелі жұмыстың нәтижесі ретінде қарастырылады.
Бүгінде Қазақстан әлемдік спорттағы әділдік, ашықтық және адал бәсекелестік қағидаттарын дәйекті түрде қолдайтын сенімді халықаралық әріптес ретіндегі рөлін нығайтып келеді, дейді министрлікте.