Әкім стадионды аралап көріп, шұғыл түрде тәртіп орнатуды тапсырды.
Фото: YouTube
ERNUR.KZ. Америкалық әнші Дженнифер Лопестің Алматыдағы концертіне үш апта ғана қалды. Ол мегаполистегі орталық стадионда өтеді, деп жазады Skifnews.kz.
Алайда нысанның қазіргі жағдайын қала әкімі Дархан Сатыбалды сынға алды.
Әкім стадионды аралап көріп, шұғыл түрде тәртіп орнатуды тапсырды. Нысанның барлығы жаңғыртуды қажет етеді.
Санитарлық аймақтар мен жаяу жүргіншілерге арналған жолдарды жаңарту керек. Стадион пайдалануға берілгеннен бері оның сыйымдылығы 35 мыңнан 23 мың көрерменге дейін қысқарған.
“ Барлық кемшілікті жою керек, ал стадион халықаралық стандарттарға сай келуге тиіс “, – деді қала басшысы.