Екі ағайынды көршілерін өртеніп жатқан үйінен аман алып шықты

0
748

Оқиға 5 сәуір күні Өскеменде орын алған.


Екі ағайынды көршілерін өртеніп жатқан үйінен аман алып шықты

ERNUR.KZ. Өскеменде екі ағайынды көршілерін өрттен құтқарып қалды, деп жазады Stan.kz.

Қалалық төтенше жағдайлар басқармасының мәліметінше, 5 сәуір күні Тимофеев көшесіндегі жеке үйде өрт болған. Екі ағайынды өртті байқап, көршілеріне көмекке асыққан. Олар терезені сындырып, үйде қалған екі ер адам мен әйелді оятқан.

"Құтқарушылар ағалы-інілі туысқандар болып шықты: Рафхат Қажахметұлы мен Дастан Елеусізов. Олар үйде адамдар бар екенін білгендіктен, өрт сөндірушілердің келуін күтпеді. Сонымен қатар, екі кейіпкер "көлеңкеде" қалуды жөн санап, өздері туралы егжей-тегжейлі айтудан, суретке түсуден бас тартты", - деп атап өтті ТЖБ.

Оқиға орнына келген №6 ӨСБ өрт сөндірушілері 30 шаршы метр аумақтағы отты сөндірді. Алдын ала болжам бойынша өрттің себебі отты абайсыз қолдану немесе өртеу болды.